Академиялық жұмыстар департаменті

Академиялық жұмыстар Департаменті университеттің білім беру үдерісін перспективалық, ағымдағы жоспарлауды және үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент қызметінің мақсаты болып университеттің білім беру үдерісін оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады. Департаменттің негізгі міндеттері: – білім беру үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру; – білім беру процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттар мен мамандықтардың МЖМБС талаптарына сәйкес білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету; – есеп беретін құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру; – білім беру үдерісін одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлей отырып,  оның сапасына мониторинг жүргізу; – университеттің дамуының перспективалық жоспарларына ұсыныстар әзірлеу;білім алушылар контингенті бойынша статистикалық есептілікті жүргізу
Алекенова Нургуль Умирбековна Академиялық жұмыстар
Департаментінің жетекшісі, PhD

Байланыс ақпараты:

Ақтөбе қаласы

Маресьев көшесі, 68, бас ғимарат, 402 кабинет

Тел. 57-91-90

Эл.пошта: dar@zkmu.edu.kz