Комплаенс-офицер қызметінің негізгі мақсаты университеттің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады;
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
4) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.
Комплаенс-офицер: Избасаров Нурхан Жаманкулович
Байланыс телефоны: 8 (777) 50 50 200
E-mail: compliance@zkmu.edu.kz
№ 2 оқу ғимараты, каб. 130