Университетімізде студенттер спорттың олимпиадалық және олимпиадалық емес түрлері бойынша спорттың 22 түрі бойынша 410 студент жаттығады.
Атап айтсақ Волейбол, баскетбол, шағын-футбол, шаңғы спорты, жеңіл атлетика, армрестлинг және гір спорты, шахмат, Президенттік көп сайыс, аэробика, черлидинг және мажореткі, үстел теннисі, Таэквон-до, күрес түрлері Грек-рим күресі, Еркін күресі, Белбеу күресі, Қазақша күресі, Самбо және Дзюдо.
Университетіміздің студенттері ҚР Х жазғы универсиадасына қатысып, жүлделі орындардан көрінді және командалық есепте ҚР 66 ЖОО арасында 9 орынды иеленді. Спортты дамыту үшін университет тарапынан қаражат бөлініп, «Жастар арена» спорт кешені салынды.
Бұл кешенде студенттерге барлық жағдай жасалған. Университетте спортты дамыту үшін жаттықтырушы бапкерлер үнемі студенттер арасында жарыстар ұйымдастырады, қалалық, облыстық, халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатыстырып жүлделі орындарға ие болып университеттің спорт деңгейін жоғары ұстауда.