
Ансамбль жетекшісі: Сейтжанова Гаухар Маралқызы, тел: 87479933643
Ансамбль старостасы: Аскарова Айгерим, тел: 87477394922
Ансамбль солисті: Исламбердиева Галия, тел: 87003621902
@zkmu_bkmu, @show_ballet_zhasstar_aktobe, @zkmu_jastary
«ЖасStar» би ансамблі өзінің шығармашылық қызметін 2006 жылы бастады. 2008 жылдан бастап топ жетекшісі – Сейтжанова Гаухар Маралқызы.


«ЖасStar» би ансамблі университеттің студенттеріне арналған эстетикалық білім берудің нақты мектебіне айналды. Мақсаты – студенттерді сұлулыққа, өнерге баулу. «ЖасStar» би ансамблі негізгі және бастауыш топтан тұрады – бұл бірыңғай, интегралды команда.Негізгі топтың мүшелері оқу жылының басында Жастар ісі жөніндегі бөлімі ұйымдастырған «Студентер жәрмеңкесі» барысында іріктеліп, ансамбль мүшесі атанады. Бірлескен сапарлар мен концерттер, репетиция және қойылымдар біздің бишілерімізді шығармашылықтарын дамытуға үлкен үлес қосады. «ЖасStar» би ансамблінің репертуары 60-қа жуық биді қамтиды: халық, стильдік, классикалық, поп, заманауи және т.б. Сабақтарда әр топ мүшесімен қозғалысты дамыту үшін тек қана жұмысты жалғастырып қана қоймай, сонымен қатар орындалатын хореографиялық шеберлікті шыңдауға үлкен көңіл бөлінеді. «ЖасStar» би ансамблі – университеттің барлық іс-шараларына, сондай-ақ облыстық және қалалық көлемдегі мерекелік бағдарламаларға белсене қатысады. Топтың шығармашылық жетістігі, кәсіби шеберлігі, өзін-өзі талап етуі, көшбасшысының жоғары көркемдік талғамы жеңіске мүмкіндік берді.


Ансамбль әртүрлі конкурстардың, шерудің, қалалық фестивальдерінің, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі лауреаты, бірнеше рет жеңімпаз атанды: «Жас Дәурен-2007» облыстық фестиваль-конкурсы – ІІ дәрежелі, «Жас Дәурен-2009» облыстық фестиваль-конкурсының лауреаты, диплом, «Жас Дарын-2010» қалалық байқауы – ІІІ дәрежелі лауреаты, «Орле-2010» қалалық концерт-фестивалі – II орын, қала әкімінің алғыс хатымен марапатталса , «Дарын-2013» қалалық байқау-фестивалі, «Констелляция» II республикалық конкурстық- Талант-2013» I дәрежедегі жеңімпаз,« Sаlem Astana-2014» республикалық фестиваль-байқауы, Астана қаласында «Gracia-2015» халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсы. – I дәрежедегі жеңімпаз Халықаралық фестивалі – «Қазақстанның дарынды жастардың 2016 жұлдызы» конкурсы Астана – І дәрежелі «Салем Қазақстан-2017» халықаралық байқауының жеңімпазы – Қарағанды қаласының Гран-приі.


Алғаш рет Ақтөбеде «Be Tolgynanda -2018» хореографиялық халықаралық байқауында біздің университет атынан «ЖасStar» би ансамблінің шетелдік студенттері өнер көрсетті. Бұл байқауда «ЖасStar» би ансамблі конкурстың абсолютті жеңімпазы деп танылып, барлық үш номинация бойынша «Гран-при» жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ, ансамбль Ақтөбеде «Студенттік Фест-2018» халықаралық студенттік жобасында «Лауреаттар-I», «Лауреаттар-II» дипломдарымен марапатталды және «Ulttyq Biim Elge Syiym» -2019 бірінші ашық халықтық би байқауының 1-ші дәрежелі лауреаттары, «BE YOU» халықаралық би шығармашылығының 1,2,2-ші дәрежелі лауреаттары Алматы – 2019 ж., «Dance premium KZ» Халықаралық хореография байқауының екі 1-орын жүлдегерлері Nur-Sultan city – 2019ж.


Үздіксіз ізденістер мен дайындықтың нәтижесінде біз көптен күткен биікке жеттік. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 28 наурыздағы №93 бұйрығымен бекітілген көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру туралы 2019 жылғы 31 мамырдағы №17 хаттамаға сәйкес, 2007ж. «Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» атағын беру (үлгілі) ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі №192 бұйрығымен «ЖасStar» би ансамблі «Халықтық» атағына ие болды.



Халықтық ұжым «ЖасStar» би ансамблі – мықты, хореографиялық түрдегі жалындаған, жарқын, жас, жігерлі топ. Бұл олардың шығармашылықтарын шыңдауына және де үлкен жетістіктерге жетуіне зор сенім артады.