2016 жылдың қараша айында университет ректоры Е.Ж. Бекмұханбетовтың бастамасымен Ж.А. Кадырова жетекшілік еткен ( 2016-2018) әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімі құрылды.
Бөлімнің құрылуының негізгі мақсаты ЖОО студенттері мен қызметкерлеріне жан-жақты әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету болып табылады.
2020 жылдан бастап қазіргі таңға дейін бөлім жетекшісі болып – Г.Д. Бисекова тағайындалды.
Әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімінің басты міндеттері:
• студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамды психологиялық сүйемелдеу, психикалық денсаулық мәселесін ескерту және психологиялық алдын алу
• әлеуметтік тұрғыда әлсіз топ студенттерін сүйемелдеу
• салауатты өмір салтын насихаттау
• ЖОО-ның оқу топтарында және қызметкерлер ұжымында әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсарту
• ЖОО қызметкерлері арасында кәсіби күйіп кету мен эмоциялық таусылудың алдын алу
• студенттердің әлеуметтік дамуы үшін жағымды жағдай жасау
• студенттерге психологиялық жеңілдену мен релаксацияға бағытталған сапалы демалыс ұйымдастыру
Әлеуметтік-психологиялық қолдау бөлімінің базасында Y-PEER орталығы жұмыс істейді. Орталықтың негізгі міндеті жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау, сондай-ақ ерте жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу болып табылады. YPEER-орталық барлық студенттер мен студенттік бірлестіктерге тақырыптық іс-шаралар өткізу үшін және бос уақытты өткізу үшін қолжетімді.