Category: Жаңалықтар

Біздің студенттік команда шағын футболдан жеңімпаз атанды!

Ақтөбе қаласында қалалық спорт бөлімі өткізетін жыл сайынғы шағын футболдан облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының құрама командалары арасында біріншілік өтті. Спорттық жарысқа 5 жоғары оқу орнының командалары қатысты. Біздің студенттік құрамамыз футзалдан чемпионаттың финалында Қ.Жұбанов атындағы университет командасымен өткен кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде біздің команда І орынға ие болды! Шағын футболдан чемпионаты ұйымдастырушылар […]

Белсенді студенттермен кездесу

2023 жылдың 19 қазанында ректорат залында «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» Басқарма төрағасы – Ректоры А.Қалиевтің, проректорлардың, декандардың белсенді студенттермен кездесуі өтті. Студенттік қоғамдастықтың белсенді өкілдеріне төмендегі аталғандар кірді: – А. Боранбай – «Жалын» студенттік пікірсайыс клубының жетекшісі; – Н.Әбдібек – «Саналы ұрпақ» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы; – А. Довлетова – «MedSTARS» студенттер […]

Француз бизнес құрылымдарымен іскерлік ынтымақтастық

Парижде екі күндік «Француздық денсаулық сақтау инновациялары және бизнес форумы 2023» (бұдан әрі – Форум) аяқталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен жасақталған делегация құрамында «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.А.Қалиев болды. Сапар мақсаты: жұмыс тәжірибесін зерделеу, іскерлік байланыс орнату, инвестиция тарту. ​Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерде […]

Джиу джитсу мен грэпплингтен 2 дүркін күміс жүлдегері

«Стоматология» факультетінің  408 тобының 4 курс студенті Шайдуллаев Шадияр джиу джитсу мен грэпплингтен 69 келі салмақ дәрежесінде 2 дүркін күміс жүлдегер атанды. 16-17 қыркүйекте Башқұртстанның Уфа қаласында, Ресейде бразилиялық джиу джитсу мен грэпплингтен ATP халықаралық турнирі өтті. Медаль үшін 5 елден 400-ден астам спортшы бақ сынасты. Джиу-джитсу – жапондық жекпе-жек өнерінің ұжымдық атауы, оның ішінде […]